05 Тамыз, 2019 NEWS
Атырау облысындағы түйе өлімі тоқтады
Жылыой ауданындағы барлық түйелерге паразитке қарсы дәрі-дәрмектер беріліп жатыр.
Ағымдағы жылдың 3-28 шілде күндері аралығында Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында және Құлсары қаласының қарасты Жадырасын ықшам ауданында 11 бас түйе шығын болған болатын. Шығын болған сәтен бастап, сараптама жасалды. Сараптама нәтижелері облыстық ветеринариябасқармасына тапсырылып, қорытындысы шықты. Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурулардың ешқандай белгілері жоқ.
– Түйелер жайылатын жайылымдардағы жем-шөптерден және Жем өзенінен сараптама алынды. Қорытындысы бойынша нормадан ешқандай ауытқушылық жоқ. Ал, түйе өліксесін потологиялық-анатомиялық жарып сою нәтижесінде көмекей қуысынан көп мөлшерде құрттардың бар екені анықталды. Ветеринарлар бұл цефалопиноз деген ауру деп қорытындыға келді, – дейді Атырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.
Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, ауданда 9720 түйе бар. Барлық түйелерге паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер беріліп, өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір