11 Тамыз, 2019 NEWS
Мыңдаған адам орталық көшені жауып тастады
Экстрадиция туралы заңға қарсылық білдіргендер митингті қайта жандандырды.
Гонконгте экстрадиция туралы заңға енгізілген өзгеріске қарсылық білдіргендер орталық көшені тағы да жауып тастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметі бойынша, толқуға жиналғандар ешқандай заң бұзыушылық әрекеттерге барған жоқ. Осы себепті құқық қорғау органының қызметкерлері қалың топты тарқату жұмыстарын жүргізіп отырған жоқ.
Сондай-ақ, баскөтерудің бір легі Чек Лап Кок әуежайының маңында да өтуде.
Еске сала кетейік, дәл осындай ауқымды митинг 3-тамыз күні 120 мың адам бас көтеріп, полиция қызметкерлерін таспен тоқпақтаған-ды. Шенділер жауап ретінде қалың топқа көз жасаурататын газ қолданған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір