23 Тамыз, 2019 Аймақтар
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис аудандарының тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін Жетісу ауданында екі сағат ішінде 52 адам өздерінің сұрақтарын қойды", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев инстаграм парақшасында.
Түрлі мәселелер көтерілді: тұрғын үйді жекешелендірумен қатар ауруханаларда мамандардың жетіспейтіндігі айтылды.
Бірінші кезекте балалардың мектепке дұрыс қатынауы үшін жағдайлар жасалмақ. Ал, қоғамдық қауіпсіздікке байланысты криминалды аудандарда қажетті қондырғылармен жабдықталған полицияның мобильді пункттері орнатылады. Ертең оның алғашқысы іске кіріспек.
Монополистердің жұмыстарына қатысты көптеген сауалдар қойылды: жарықтың мезгілсіз сөніп қалуы, тұрғындардың ГРҚ-дегі газдың исінен тәулік бойына терезелерін ашып қоюы. Қазіргі кезде мәселені шешу жолдарын қарастырылуда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір