• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:21:56
Алматы
+12°

06 Қыркүйек, 2019 Саясат

"Біз бүлікші емеспіз". Алматыда наразылар биліктің саясатын сынға алды (видео)

Наразылар Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Назарбаевтың саясатын сынға алып, оның "биліктен түбегейлі кетуін" талап етті.

5 қыркүйекте Алматыдағы "Астана" алаңында 40-қа жуық азамат жиналып,  "Қытай экспансиясына жол жоқ!", "Саяси тұтқындарға бостандық!" деген наразылық шарасын өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кешкі сағат 6-дан бастап алаңға жиналған наразылар 3 қыркүйектен бері "Қазақстанда Қытай ықпалының күшейгенін" айтып, наразылық білдіріп жатқан жаңаөзендіктерді қолдайтындарын айтты. Сонымен қатар наразылар Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Назарбаевтың саясатын сынға алып, оның "биліктен түбегейлі кетуін" талап етті.

Жиынында сөз сөйлеген белсенді Бесжан Төлеубекұлы Алматыда кешеден бері өтіп жатқан "Қытай экспансиясына жол жоқ" деген наразылық шарасына қатысып жатқандар "ешқандай бүлікшілер емес" екенін,оларды "алаңға жиналуға ешкім үгіттемегенін" айтты. Сонымен қатар Төлеубекұлы:  "Демоктариялық мемлекетте саяси тұтқындар деген болмайды, сондықтан қамаудағы саяси тұтқындардың барлығы босатылсын. Әрбір адамды жеке-жеке атап емес, түгелдей босатсын. Сол кезде ғана біз демекратиялық ел екендігімізге сенеміз. Қағаз жүзінде емес, іс жүзінде. Бізде қазір демократия деген сөз бар, өкіншіке қарай демократия деген ұғым жоқ", деді.

Алаңға жиналғандармен сөйлесуге жергілікті билік өкілдерінен ешкім келген жоқ. Тек наразыларды сыртынан суретке түсіріп жүрген адамдар болды. Жиналғандар олардың "билік тапсырмасын орындап жүрген адамдар" екенін айтты. 

Бұған дейін 4 қыркүйекте Алматы қалалық әкімдігі ғимаратының алдына 50-ден аса азамат жиналып, сегіз сағат бойы наразылық шараларын өткізді. Олар ол кезде де "Қытай экспансиясына жол жоқ!", "Саяси тұтқындарға бостандық берілсін!" деген екі негізгі талаптарын айтты. Наразылармен сөйлесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев шығып, оларға "бұл жиналғандары заңсыз" екенін ескертіп, "тарап кетуді" талап етті. Наразылар әкімдік ғимараты орналасқан "Желтоқсан" көшесімен "Астана" алаңына дейін шерулетіп барып, кейін тарады. 

3 қыркүйекте Маңғыстау облысын Жаңаөзен қаласының екі жүзден астам тұрғыны қаланың орталық алаңына жиналып, Қытайдың Қазақстандағы жобаларын тоқтатуды талап еткен еді. Содан кейін 4 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Шымкентте де белсенділер "Қытай экспансиясына қарсы" акция өткізген.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір