• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:37:37
Алматы
+12°

Қазіргі кезде сот жүйесінде іргелі реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның
айқын айғағы ретінде Жоғарғы сотта жұмыс істеп жатқан 7 топты айтуға
болады. Бұл сонда қандай топ? Немен айналысады? Олар нақты айтқанда,
заң жобаларын әзірлеп жатыр. Құрамында бірнеше судьялары бар бұл
топтар Мәжіліске заң жобаларын дайындайды. Айта кетейік өте сауатты
заңдар ұсынады. Жалпы заң жобасын әзірлеуге Жоғары Соттың судьялары
ғана қатыспайды. Оған заңгерлер, адвокаттар белсене араласады. Соның
нәтижесінде мыңға тарта ұсыныс келіп түскен көрінеді. Жоғарғы сот
төрағасы Жақып Асановтың сөзіне қарағанда, бұл құжаттанама «Сот
жүйесінің 7 түйіні» деп аталады. Сонда ол қандай топтар? Ендігі әңгіме
кезегін соған бұрайық.


1. Мінсіз судья. Бұл бағдарлама не үшін құрылған? Шындығында да мінсіз
судьяның болуы мүмкін бе? Бұл әбден мүмкін. Судьяға сенімнің қазіргідей
төмендеген уақытында оның беделін қалай көтеруге болады? Мінсіз судья
бағдарламасының мақсаты сол –бүгінгі қоғам сұранысына сай сапалы және
сауатты судьялар қалыптастыру болып отыр. Кәсіби маман судьяның
келешегі де кемел болады. Ал судьялыққа үміткерлердің біліктілігін
қалыптастырып, оларды тағлымдамадан өткізу жүйесін қалыптастыру да
үлкен міндет. Сондықтан бұл жоба аталған мамандыққа қадам басатын
үміткерлердің көкірек көзін ашады.
2. Үлгілі сот. Бұл жобаның да мақсаты үлкен. Анығын айтқанда, сот
қызметіне қанағаттану. Бар мақсат – сот төрелдігіне халықтыңсенімін
арттыру және оған қатысты басқарудың тиімді жүйесін екенін айта кеткен
жөн.
3. Әділ процесс. Халық тарапынан сот практикасы әлі де әділ емес деген
пікірлер кездеседі. Сондықтан бұл жобаның мақсаты – бірізді әділ сот
практикасын қалыптастыру. Аталған бағдарламаның аясында халықтың
сот ісіне немесе судьяның шешіміне қанағаттанбауының себебі анықталып,
монинторинг жасалады. Оны жоюдың бағыттары көрсетіледі.
4. Е-СОТ. Қазіргі уақытта барлық сала цифрланып жатқаны белгілі.
Сондықтан бұл жаңашылдықтан сот саласы да шет қалмауы тиіс. Осы
орайда ІТ-қызметін пайдаланудың пайдасы өте үлкен. Мысалы, Қазақстан
бойынша сотта миллиондаған іс қаралады. Сондықтан сот ісін жүргізу
барысында керекті жобаларды комъютерге енгізген дұрыс. Бұл
судьялардың жұмысын жеңілдетуге көмегін тигізеді. Сот саласында ІТ-
қызметінің дамуына қатысты қазір «Сот кабинеті» сервисінің де қызметі
артып келеді.
5. «Оңтайлы орта». Бұл бағдарламаның мақсаты не? Басты мақсат – қоғам
мен сот арасында тиімді қарым-қатынасты жандандыру болып табылады.

6. «Сапалы нәтиже». Халықтың сотқа сенімсіздігінің бір себебі, сот
шешімінің түсініксіздігі. Азаматтардың сауалдарына ықылассыз жауап
беру, сондай-ақ сот шешімдерінің уақтысында орындалмауы болып отыр.
Сондықтан «Сапалы нәтиже» тек қана сапалы жұмыс істеуді көздейді.
«Татуласу: Сотқа дейін, сотта». Расын айту керек, кейбір іс материалдары
жылға дейін созылып кетеді. Мұндай жағдайда не істеу керек? Мұның ең
дұрысы, екі тараптың адамдары немесе заңгерлер, қорғаушылары
кездесіп, бітімге келуі керек. Сонда ғана даулы мәселелер сотқа дейін
шешіледі. Мұның тиімділігі өте үлкен. Біріншіден, сотқа талап - арыз
жазып уақытыңды шығындамайсың. Екіншіден, татуласқанның артығы
жоқ. Көңілің кең болып, уайымсыз жүресің. Негізі мәмілеге келген
маңызды болып тұр ғой.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мәлімет сот бұйрық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір