23 Қыркүйек, 2019 Оқиғалар
Павлодар облысы Баянауыл ұлттық саябағының аумағында алапат өрт шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл төтенше жағдай туралы куәгерлер әлеуметтік желіге видеолар жариялады. Instagram желісіндегі ekibas_v_teme парақшасында "Өрт көп аумақты шарпыды. Елді мекенге жақындап келеді. Жергілікті тұрғындар екінші тәулік бойы өз күшімен өртті сөндіріп жатыр, алайда жел бар еңбекті зая кетірді. Көмек керек" делінген жазбада.
Тағы бір парақшада "500-ден астам адам өртті сөндіріп жатыр. 120 техника жұмылдырылды. Өрт аумағы шамамен 2.5 Га" делінген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ресми мәлімет бойынша, өрт 22 қыркүйекте күндіз шыққан. Орманды алқапта шөп пен ағаш өртенген. Өрт аумағы шамамен 2,5 гектар. Өрт сөндіруге 100 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылған.
"Алапат өрт шыққаны туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға айтылды. Оқиға орнына Павлодар облысының әкімі барды. Сондай-ақ, өрт сөндіруге төрт арнайы техника қосымша жұмылдырылды", - деді облыстық әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір