• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:33:44
Алматы
+12°

16 жастағы швед оқушысы Грета Тунберг Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі саммитінде климаттың өзгеруіне байланысты сөз сөйледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ақпарат көздеріне  сүйенсек, ол саясаткерлерден экологиялық апаттың алдын алу үшін шара қолдануды талап еткен. 

"Мен мұнда келмеуім керек еді. Мен мұхиттың арғы жағындағы елімде, мектебімде отыруым керек болатын. Бос сөздеріңіз бен бос үміттеріңізбен сіздер менің арманым мен балалық шағымды  ұрладыңыздар. Менің қайта жолым болды. Қаншама адам зардап шегіп жатыр, қырылып жатыр. Экожүйенің көзі құрып барады. Біз де жаппай жойылып кету алдында тұрмыз. Ал сіздер тек ақша мен экономиканың өсуі туралы ертегі ғана айта аласыздар. Қалай дәттеріңіз барады? Жас ұрпақ сіздерден үміт күтеді. Ал егер сіздер сол сенімді ақтамасаңыздар, біз сіздерді ешқашан кешірмейміз. Жазадан құтыла алмайсыздар",- деп көзіне жас алды, экожүйенің белсенді қорғаушысы  Грета Тунберг.

Грета Тунберг (Greta Thunberg) 2003 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген.  Швециялық актер мен опералық әншінің қызы. Депрессия мен психикалық проблемалардан соң экология мәселесіне қызығушылық таныта бастапты.

Ол отбасының еттен бас тартуына себепкер болған. Сондай-ақ, ұшақпен де ұшпайды. Грета Нью-Йоркке желкенді қайықпен жеткен.

Грета Тунберг БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш және актер Арнольд Шварценеггермен де кездесу өткізген.

Time журналы 2018 жылы Гретаны әлемдегі ең беделді 25 жасөспірімнің тізіміне енгізді. Биыл Швецияда "жыл әйелі" атанды.  



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір