• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 22:35:18
+12°

04 Қазан, 2019 NEWS

Бердібек Сапарбаев: Кемшіліктерді жасыруға болмайды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде Қарағанды облысында кеңес өткізді.

 Басқосуға Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетовтің, облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері орынбасарлары қатысты.

 Сапарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімі өзгертілмейтінін және жыл соңына дейін барлық өңірлер бұған дайын болуы туралы атап өтті. Сондай-ақ Бердібек Машбекұлы дициналық сақтандыру жүйесін енгізуде кей өңірлерде мәселе барын  ашық жеткізді.

 Кеңес барысындағы  негізгі тақырыптың бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың мәртебесін өзектендіру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды болды.

 Сондай-ақ Б.Сапарбаев: «Ең бастысы – халықтың мәртебесін өзектендіру. Бізде жақсы тәжірибе бар. Алайда, кемшіліктерді де жасыруға болмайды. Жыл соңына дейін мәртебесі әлі анықталмаған барлық адамдарды қамту керек. Салық органдары салықты және міндетті әлеуметтік төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуді бақылауды және жұмысты күшейтуі тиіс. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС іске қосу бойынша Елбасы мен Президенттің тапсырмалары бар. Мерзімдер ауыстырылмайды. Барлық өңірлер жыл соңына дейін дайын болуы тиіс», - деп сөзін түйіндеді.

 Кеңес қорытындысында  медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, халықтың мәртебесін өзектендіру және халықты ақпараттандыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір