• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:40:16
Алматы
+35°

Солтүстік Қазақстан облысының Бұлақ ауылында соңғы кезде өлім-жітім көбейген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тіпті олардың арасында жастарда бар. Халық  бұған іргелес жатқан алтын өндірісін кінәлайды. Тек соңғы бір жарым жылдың ішінде 20 ауыл тұрғыны бақилық болды.

"2014 жылы Бұлақ ауылының қасында алтын өндірісі іске қосылған кезде жұрттың қуанышында шек болмады. Бұқара қосымша жұмыс орындарының пайда болатынына сеніп, ауылдың көркеюін күткен еді. Алайда, уақыт өте келе халықтың қуанышынан гөрі, қайғысы басым түсті. Қазір мұндағы әрбір тұрғын кен орнының жабылуын қалайтын көрінеді" - дейді телеарна тілшісі.

Тілектес Есжанов, Бұлақ ауылының тұрғыны: "Карьерге барамыз, басым ауырып, давлением көтеріледі. Осындағы медиктер мені жіберген жоқ. Давление 160-170. Лабораторияға пробаларды әкелеміз.Сасып тұрады бәрі. Шаң зиян ғой. Содан мен шығып кеттім. Міне бір жыл бұрын туған ағам қайтты. Осы алтынның кесірінен".

Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы 1 жарым жылда аталған кәсіпорында жұмыс істеген 7 адам бақилық болған. Осыдан шошыған кейбір отбасылар туған жерін тастап, қоныс аударуы жиілеген. Қазір ауылда шамамен 800 адам қалған. 

Есіл ауданының атқамінерлерінің соңғы жылдары бұл маңайда өлім көбейгенін растады. Айтуларынша, бұған радиация ғана кінәлі емес.

Еділ Тұтқышев, СҚО, Есіл ауданы әкімінің орынбасары: Бұлақ ауылдық округі бойынша жыл басынан бастап 10 адам қайтып кетті. Оның ішінде обырдан бір адам бақилық болды. Жалпы, бұл ауылдың халқы қартайып барады. Сондықтан өлім-жітім көбейіп отыр. Ал сараптама қорытындысына сәйкес, су, топырақ пен ауадағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты нормадан аспайды. Дейтұрғанмен, облыстық онкологияның дерегі басқа. Алтын өндірісін қолға алған Есіл ауданы обыр ауруы бойынша өңірде көш бастап тұр. 10 айда 78 адам тіркеуге алынған. 26-сы өмірден өтіпті. Бірақ оның себебіне ешкім бас ауыртып жатқан жоқ.  

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: СҚО жұмбақ өлім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір