11 Қараша, 2019 NEWS
Алматыда үш қабатты жекеменшік үйде газ жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Первомайка ауылындағы Постышев, 64 "В" мекенжайында барак типтес 3 қабатты жекеменшік үйде жарылыс болды. Онда жалдамалы бөлмелерде 12 отбасы тұрып жатқан.
Оқиға орнына жеткен апаттық-диспетчерлік қызметтің хабарлауынша, жарылыс бірінші қабаттағы №3 пәтерде орын алған. Сондай-ақ қатты дүмпу үйдегі есік-терезені, ішкі қабырғаларды қиратқан.
"36 жастағы ер адамның денесін 100 пайыз күйік (3-дәрежелі) шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Науқастың жағдайы өте ауыр. 19 жастағы қыздың денесінің 85 пайызын күйік (3-дәрежелі) шалған. Жағдайы өте ауыр. 23 жастағы жігіттің беті, аяқ-қолдары күйген (1-дәрежелі). Денесінің 22 пайызы зақымданған. Бұл пациенттің де жағдайы өте ауыр", – дейді басқарманың баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, үйдегі газ қазандығы қирамаған.
Ал қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, жедел жәрдем бригадасы №4 ауруханаға 3 пациентті жеткізді. Үшеуі да қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір