• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:11:37
Алматы
+35°

16 желтоқсанда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында рұқсат етілмеген шеру өткізбек болды деген күдікпен 55 адам ұсталған. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында азаматтар заңсыз шара өткізген.

"Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, кей азаматтар арандатушылыққа ұшырап, заңсыз акцияларға қатысты. Нұр-Сұлтанда ондаған азамат Республика даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында жиналып, рұқсат етілмеген митинг өткізді. Алматыда осыған ұқсас рұқсат етілмеген митинг Қазақстан Тәуелсіздігі монументінің жанында өтті" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, заңсыз шараларға қатысқандар мереке күні азаматтардың тыныштығы мен демалысын бұзған.

"Жергілікті атқарушы органдардың митингілер өткізу үшін заңды негіздердің жоқтығы туралы ескертулеріне қарамастан, жиналғандар Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы көшелеріндегі шеруді жалғастырды. Осылайша, олар мереке күні азаматтардың тыныштығы мен демалысын бұзды. Қатысушылар билік органдарының заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарын орындамағандықтан, Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Алматы қаласына 23 адам полицияға жеткізілді. Олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда" деп хабарлады ІІМ.

 

Кеше, 16 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше қаласында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларында құрбан болған азаматтарды еске алып, рухтарына құран бағыштаған. Сол күні түстен кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда жиналғандар қала көшелерінде "Шал, кет!" деген ұранмен шерулетті. Полиция шеруге қатысқан азаматтарды жаппай ұстады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір