17 Желтоқсан, 2019 NEWS
Фото БАӘ-дегі Қазақстанның бас консулдығының инстаграмдағы парақшасынан алынды
Дубайда әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифаның сыртқы көрінісін Қазақстан туы түстес ету арқылы Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтаған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Бастама Біріккен Араб Әмірліктері тарыпынан қолға алынғаны белгілі болды.
"Әмірліктердің бұл игі ісі өзара түсіністік, құрмет пен сенім ауанындағы екіжақты қарым-қатынастың жоғары дәрежесін тағы бір мәрте куәландырады", делінген сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Тәуелсіздік мерекесіне орай Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа Бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолдаған құттықтауында "Сізді және достас халқыңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жоғары Мәртебелі, Сізге зор денсаулық, бақыт пен сәттілік, ал достас халқыңызға игілік пен ырыс тілеймін", делінген.
Ескерте кетелік, Халифа мұнарасы әлемдегі ең биік ғимарат. Оның биіктігі жерден ұшарбасына дейін 828 метрді құрайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір