• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:49:55
Алматы
+12°

25 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

https://qamshy.kz/

Ел президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ана мен бала денсаулығын нығайтуға қатысты тапсырма бергені белгілі. Осыған орай қазіргі уақытта аймақта халықтың денсаулығын жақсартуға барынша күш салып жатқан мекемелер жеткілікті. Солардың бірі - Түркістан  облыстық клиникалық ауруханасы. Аталған аурухананы бас дәрігер Марат Орынбасарұлы Пашимов басқарады. Ал аталған мекеменің қандай артықшылықтары бар?

Атап өтер бір жайт, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары негізінен аталған облыстық клиникалық ауруханаға келіп, ем алуға тырысады.  Мұның да себебі бар. Өйткені мұндағы ақ халатты абзал жандар ана мен бала денсаулығын жақсартуға бар күшін салып,  келушілерге сапалы қызмет көрсетеді. Аурухана ұжымы ауызбіршілікте жұмыс істейді. Облыс пен қаладағы диагностиканың күрделі жағдайлары ауруханадағы білікті мамандар арқылы шешіледі. Аурухананың барлық бөлімдерінде кәсіби маман, ақ халатты абзал жандар жұмыс істейді. Неврологиялық және инсульт бөлімі жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған.

Биылғы жылдың өзінде Түркістан облысының онкологиялықнауқастары үшін диагностикалық емхана, химиятерапия және онкохирургия бөлімшелері ашылған. Бүгінгі күнге дейін «Д» есебінде 7892 науқас есепте тұр, ал 3306 адам стационарлық ем алды. Облыстың клиникалық аурухананың пациенттері толықтай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Тағы бір атап өтер жайт, биылғы жылдың өзінде жаңа бөлімшені ашу идеясы туындады. Ол  –госпитальдық фармация орталығы. Бұл аймақтьағы жалғыз орталық болып отыр.

Елімізде қазіргі уақытта демографиялық  өсім жоғары. Сондықтан да ана мен бала денсаулығына басты мән беріліп отыр және бұл  медицина саласының ен өзекті әрі кокейкесті мәселесі екені анық. Ана денсаулығы бұл  – жүктілік, босану және босанған кейінгі кезендегі әйелдер денсаулығы екенін нақты айта кетейік. Сондықтан да аталған мекемеде  дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының ұсынған перинаталдік технологиялар енгізілген.

Атап айтар болсақ, комек корсету мақсатында регионализация буйрығы бойынша жұмыс жүреді. Нақты айтсақ, онірдің медициналық-санитариялык алғашқы көмек көрсету мекемелерімен және босану бөлімдерімен, перинатал орталықтармен ынтымақта жұмыс жүргізіледі.. Жоғары топтағы жүкті және босанған әйелдерге, ұрпакты  болу функциялары бұзылған әйелдерге казіргі заманғы емдік- диагностикалык технологиялар пайдаланылады. Оларға консультативтик диагностикалык емдеу және оңалту комегі көрсетіледі. Жүкті, босанған әйелдерге ем көрсету мақсатыңда шуғыл жағдайларға арналған алгоритм бойынша іс шаралар өткізіледі.

–Біз дәрігерлердің біліктілігін арттыруға басты назар аударамыз. Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, біз Қазақстанда  ғана емес, шетелдерге де мамандарды жіберіп отырамыз. Олапр шетелоде біліктілігін арттырып, өзіміздің мамандарға білгенін үйретеді. Атап айтар болсақ, дәрігер-уролог мамапны  Австрия мемлекетінің  оқу грантын ұтып, Америка-Австрия ашық медициналық университетінде «Онкоурология» бойынша Нью-Йорк қаласының Слоан Кеттеринг онкологиялық орталығының лекторларының басқаруымен оқыту семинарынан өтіп келді. Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Оңтүстік Корея Республикасы Пучон қаласының Сучонхян Медициналық Орталығы арасында медицина және денсаулық сақтауды дамыту мақсатында түзілген өзара түсіністік меморандумы аясында  2016-2019 жылдары ауруханадан 1 офтальмолог,  2 ангиохирург, 5 хирург және 2 анестезиолог- реаниматолог дәрігерлер тәжірибе алмасып келді. Екі уролог-дәрігерлер Корей мемлекеті Кёнгидо провинциясының грантын ұтып, сұхбаттасудан өткеннен кейін Ұлттық Сеул университетінің жанындағы Пунданг госпиталінде, Оңтүстік Корея мемлекеті, Канны қаласының  грантын ұтып, сұхбаттасудан өткеннен кейін Каннын Асан медициналық орталығында «Урология» бойынша медициналық іс-тәжірибеден  өтті. Нейрохирург дәрігеріміз Германия мемлекеті «Bergmannstrost Halle» клиникасында нейрохирургия бойынша медициналық тәжірибеден өтті. Аурухана бойынша 56 дәрігер 63 мейіргер «BLS-ересекке және балаға жедел көмек көрсетудің тактикасы», «ACLS-жүрек тоқтату және жүрек-қантамыр жетіспеушілік кезінде интенсивтік терапия алгоритмдері», «PHTLS-госпитальға дейінгі жарақат кезінде өмірді сақтау» және 17 дәрігер, 11 мейіргер «PALS-педиатриядағы кеңейтілген жүрек өкпе реанимациясы» халықаралық стандарттарына  сәйкес оқу-курсынан өткізілді. Қабылдау бөлімінің 3 дәрігері «Шұғыл көмек көрсету (триаж жүйесі)» тақырыбында қайта даярлықтан өтіп , аурухана бойынша 76 дәрігер, 11 мейіргер «Науқастарды медициналық іріктеу және шұғыл көмек көрсету алгоритмдері» циклы бойынша біліктіліктерін арттырды. Келесі жылға қаңтар-ақпан айларында жаңа технологияларды ендіру мақсатында  Америка, Аризон штаты, Финикс қаласына «Микрохирургия основание черепа» тақырыбы бойынша екі нейрохирург-дәрігерлері және Белоруссия мемлекеті, Минск қаласына «Омыртқа сүйегін алмастыру операциялары» тақырыбы бойынша екі дәрігер  біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр, –дейді Марат Орынбасарұлы Пашимов.

Облыстық клиникалық аурухананың нейрохирур-дәрігерлер қазіргі кезде әртүрлі операция түрлерін жасап, аурухана тәжірибесіне енгізгенін айта кеткен жөн. Аталған жас мамандар Голландия мемлекетінде, Түркия елі, Анкара қаласында, Будапешт қаласында (Венгрия), Германия мемлекетінде  оқудан өтіп, тәжірибе алмасып келген. Сонымен қатар, қазіргі таңда уролог-дәрігерлер де түрлі операция түрлерін жасап, аурухана тәжірибесіне енгізді. Айта кетейік,  біздің жас мамандар,  Корей мемлекеті Кёнгидо провинциясында, Австрия мемлекеті, Зальцбург қаласында оқудан өтіп, тәжірибе алмасқан.

Арыста жарылыс орын алған кезде аурухана дәрігерлері  зардап шеккендерге көмек қолын созды. 470 науқас дәрігерлік көмекке жүгінді, оның ішінде 80 науқас ауруханаға жатқызылды, 49 жарақат алғандар. 1 жауынгер ауыр жарақат салдарынан қаза болды, 12 науқасқа хирургиялық ота жасалды. 1 науқас Алматы қаласына күрделі жарақатына байланысты ауыстырылды. Халқымыздың осындай қиын жағдайға ұшыраған шағында ел болып және барлық медицина мамандарының бір ұжым болып көмек корсеткені ауыз біршіліктің арқасы екені сөзсіз.  

–Келер 2020 жыл медицина саласының мамандары үшін үлкен сын болғалы тұр. Бұл салада өзгерістер болып жатыр. Мұның бір айғағы ретінде 2020 жылы денсаулық саласы  медициналық сақтандыру жүйесіне өтеді.Біз заман көшінен қалмаймыз.  Ауруханаға заманауи құрал- жабдықтар алып, медицинаның соңғы үлгідегі әдістерін  қолдана отырып науқастарға қажетті көмек көрсетеміз. Әрине мүмкіндігінше адамдар ауырмауға тырысуы  керек. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанғаны абзал. Ал біз қашан да халықтың, ана мен баланың денсаулығын  нығайтуға күш саламыз, – дейді бас дәрігер Марат Орынбасарұлы Пашимов.

Денсаулық саласында ұзақ жыл жұмыс істеп, іскерлік, ұйымдастырушылық тәжірибесі бағаланған, Марат Орынбасарұлы  жақында ғана мемлекет тарапынан "Ерен еңбегі үшін" медалін иеленді. Ендеше Марат Орынбасарұлы Пашимовқа  біз де алдағы уақытта жемісті еңбек тілейміз.

Еркін Қалдан

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір