21 Қаңтар, 2020
Фото ашық дереккөздерден алынды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 21 қаңтарда Ақорда сайты хабарлады.
39 жастағы Мұрат Әйтенов 2019 жылдың желтоқансан айынан бері Шымкент қаласы әкімнің бірінші орынбасары болған. Ол оған дейін қорғаныс министрлігінде, президент істері басқармасында түрлі қызмет атқарған.
Ақорда сайты 2019 жылыдың шілде айында ғана Шымкент қаласының әкім болған Ерлан Айтахановтың Тоқаевтың жарлығымен қызметінен бостылғанын хабарлады. Бірақ Ақорда хабарламасында Айтахановтың қызметінен не себепті бостылғаны айтылған жоқ.
Бүгін, 21 қаңтарда президент Тоқаев Павлодар облысына да жаңа әкім тағайындаған еді. Оның жарлығымен “жемқорлық күдігімен” екі айға қамауға алынған Болат Бақауов қызметінен босатылып, Әбілқайыр Ысқақов Павлодар облысына әкім болып тағайындалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір