• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:47:31
Алматы
+12°

Халықаралық Азаттық Радиосының қазақстандағы қызметінде жұмыс істеген журналист Жасұлан Көжеков қайтыс болды. Бұл ақпаратты журналистің туыстары мен жақын достарының мәліметіне сілтеме жасаған Азаттық Радиосы хабарлады. Азаттықтың жазуынша, Жасұлан Көжеков 30 қаңтарда таңертең Түркияның Анталья қаласында көз жұмған. Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Ол бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Түркияға көшіп кеткен.

Жасұлан Көжеков 1969 жылы туған. Атыраудың мемлекеттік университетін тәмамдаған. Жақын әріптестерінің айтуынша, 90-жылдары Atyrau Today тәуелсіз басылымын ашып, өткір қоғамдық-саяси мәселелерді қозғаған. Бірақ кейіннен бұл басылым жабылған.

Ол 2009-2011 жылдары Азаттық Радиосының Атыраудағы тілшісі болды. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір