• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:35:54
+12°

31 қаңтарда Ресейде екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ресейлік БАҚ-тар хабарлады.

Елдің вице-премьері Татьяна Голикованың сөзінше, коронавирусты жұқтырғандар Тюмень және Забайкальеде тіркелген. 

Бұған дейін коронавирусты жұқтырғандар Қытайдан бөлек әлемнің 20 елінде – Жапония, Таиланд, Сингапур, Австралия, Малайзия, Корея, Франция, Германия, АҚШ, Вьетнам, БАӘ, Канада, Италия, Ұлыбритания, Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Филиппин, Камбоджа, Финляндияда – тіркелді. Бірақ Қытайдан тыс жерлерде вирустан көз жұмғандар жоқ.

Қытай билігінің 31 қаңтардағы дерегі бойынша, коронавирустан қаза болғандар саны 213 адамға жеткен. 9692 адам вирус жұқтырып, 102 мың адам вирус жұқтырды деген күдікпен бақылауға алынған.

30 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус короновирустың таралуына байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялаған болатын.

31 қаңтарда Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі елде короновирус күдігімен 41 адам аруханада жатқанын хабарлады. Министрлітің мәліметінше, елде короновирус жұқтырған адам әлі анықталмаған, ауруханаға жеткізілгендердің анализдеріне сараптама жасалып жатыр. 


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір