04 Ақпан, 2020 NEWS
mir24.tv
Ақтауда белгісіз инфекциядан екінші сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
Қайтыс болған баламен байланыста болған жүздеген адам медициналық тексеруден өтеді.
Дәрігерлердің айтуынша, сегіз жасар бала алдымен ыстығы көтеріліп келгеннен кейін бірнеше сағат реанимацияда болған. Дәрігерлер бұл “менингокок” инфекциясы деп болжаған. Бірақ әзірге ешкім өлімнің нақты себебін айта алмады.
Көз жұмған баламен байланыста болған барлық балаларды жергілікті аурухана тексерістен өткізуде.
Орынбасардың жаттығу залындағы бапкері баланың өте жақсы нәтиже көрсеткенін айтты. Тіпті, баланы үлкен топқа беруді жоспарлаған. Алайда соңғы жаттығуын қайтыс болардан екі күн бұрын өткізіпті.
Алғашқы сәттерде оның температурасы шамадан тыс көтерілген. Дәрігерлер оған ЖРВИ- ге қарсы дәрілер салған. Дегенмен бірнеше сағаттан кейін баланың халі тым нашарлаған соң, Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізеді. Қабылдау кезінде 2- ші немесе 3- ші дәрежелі шок алып, ICE синдромы басталып, қан кету кезінде, қан тоқтату өте қиын болған.
Орынбасармен жаттығу залында болған барлық балалар клиникалық жұқпалы аурулар емханасына жатқызылды.
"Кейбір ата- аналар ауру ауа арқылы таралуы мүмкін деп санайды, бірақ, Санитарлы эпидемиялық бекет қызметкерлері келгеннен бастап бізге: ауаны толығымен ылғалдандырып, дымқыл тазартуды жүргізіп, барлық құбырларды ашып, кварцтарды өткізіңіздер, деді. Санитарлы эпидемиялық бекет қызметкерлері карантин туралы айтпады" деп түсіндірді спортзал директоры Әсем Нысанбаева.
Екінші сынып оқушысының менингокок инфекциясынан қайтыс болуы туралы дәрігерлер тек болжам жасады. Бала өлімінің нақты себебін сараптама нәтижелері көрсетеді. Айта кететіні бар, Орынбасардың екі інісі де осы спорт залда жаттығу жасаған. Қазір олар да дәрігерлердің бақылауында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір