• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:25:01
Алматы
+12°

Журналист, қоғамдық-саяси "ЖасАлаш" газетінің бұрынғы қызметкері Асхат Асанды 174-баптың (әлеуметтік араздықты қоздыру) бірінші тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іс негізінде полицияға шақырған.

Бұл туралы журналист 5 наурызда түнде өзінің facebook парақшасында хабарлады.

"Бүгін тергеуші шақыртып, үстімнен 174 баптың бірінші тармағы бойынша, әлеуметтік наразылық тудырды деген айыппен, қылмыстық іс қозғалғанын білдім. Жаза – 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Оған түрткі болған "Жас Алаш" газетінде жарық көрген "Экс-президентті интерпол іздеп, сұрау салатын күн туса..." деген мақалам. Тергеуші қойған сұрақтарға жауап бердім. Жалпы әңгімеміз сыпайы түрде өтті. Мақаланы сот-сараптамасынан өткізуге комиссия құрылған көрінеді. Менің ойымша, органдардың түпкі көздегені Инга Иманбай секілді" делінген журналист жазбасында.

Алайда 6 наурыз күні Азаттық радиосының материалында мақала авторы куәгер ретінде тергелгені хабарланды.

Асхат Асан мен ЖасАлаш газетінің бұрынғы бас редакторы Инга Иманбай істі журналистік қызметімен байланыстырады.

Қылмыстық іске негіз болған мақала басылымды журналист Инга Иманбай басқарып тұрғанда шыққан. Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының сайты журналисті тергеу кезінде "мақаланы жазуда Инга Иманбайдың рөлі қаншалықты болды" деп сұралғаны, оған журналист "өзімнің қалауым бойынша жаздым" деп жауап бергенін хабарланды.

Инга Иманбайдың сөзінше, журналист Асхат Асанның мақаласы өткір сынға, ащы шындыққа толы. "Бірақ, ол жерде бір ауыз өтірік жоқ. Заңға қайшы бір сөйлем таба алмайсыздар" дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір