• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:00:01
Алматы
+12°

Аудиторлар 44 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын жұмсауда қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. 

– Есепті кезеңде 334 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Тексеру 187 млрд теңге бюджет қаражатын қамтыды. Қаржылық бұзушылықтар 44 млрд теңге көлемінде анықталды. Оның ішінде 38 млрд теңге тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, өтемақы арқылы жойылды, – деді Смайылов.

Үкімет отырысында ол республикалық бюджеттің шығыстары 2,1 трлн теңгені құрағанын атап өтті.

– Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,5%-ға, республикалық бюджет 97,1%-ға, жергілікті бюджеттер 96,9%-ға орындалды. 62 млрд теңге орындалмады, оның 10 млрд теңгесі үнемделді. Игерілмеген қаражат көлемі 52 млрд теңгені құрады, – деп айтты министр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір