Миландық мейірбике Алессия Бонари Іnstagram парақшасында қиындыққа қарамастан коронавируспен күресіп жатқанын жазды. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Алессия Бонари:
– Мен жұмысқа баруға қорқамын. Таққан бетпердем бетімді дұрыс жаппай ма деп уайымдаймын. Абайсызда кір қолғабыммен бетімді ұстап қалсам ше? Көзімдегі линза жылжып кетіп, инфекция кіріп кете ме деп иманым ұшты.
Сондай-ақ ол емханадағы науқастарға қамқорлық жасауды жалғастыра беретінін және өз жұмысын сүйіп, мақтан тұтатынын атап өтті.
– Мен психологиялық тұрғыдан шаршадым және менің әріптестерім де шаршады. Біз бәріміз бірнеше апта бойы бір нәрсені жасадық, бірдей күй кештік. Алайда бұл шаршау, біздің жұмыс істеуімізге еш кедергі келтірмейді. Әрі қарай мейірбекелер жұмысын жалғастыра береді. Мен пациенттерімді және өз жұмысымды жақсы көремін. Сол себепті әрқашан қамқорлық танытып, көмек қолымды созамын, – деді Алессия Бонари.
Пікір қалдыру
пікір