• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:29:26
Алматы
+12°

Kaspi bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе банктің клиенттерін қолдау бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлады.

Бүгін Михаил Ломтадзенің  ресми Youtube арнасында компания клиенттеріне үндеуі жарияланды. Банк басшысы клиенттер қандай қолдау алатыны туралы айтты.

– Құрметті клиенттер, Kaspi миссиясы «Сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту. Біз жұмысымызда «Біздің клиенттерімізге, қазақстандықтарға жақсы болса, Kaspi-ге де жақсы» деген маңызды принципті басшылыққа аламыз. Сондықтан қаржы реттеушісінің шараларына қосымша біз клиенттерді қолдаудың жеке бағдарламасын іске қосамыз, жұмыссыз қалып, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерге ай сайынғы төлемді 2 айға шегереміз.

Клиенттерді қолдау бағдарламасына өтінімді Kaspi.kz қосымшасында 2 сәуірден бастап беруге болады. Клиенттеріміз ешқайда шықпасы үшін қызметті ұялы қосымшада жасадық.

Сондай-ақ сіздерге 3 маңызды нәрсеге назар аударуды сұраймын.

– Біріншіден, бағдарламаға қатысу үшін төленбеген қарызы болмауы керек.

– Екіншіден, 18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша ғана төлемдер шегеріледі.

Өтінемін, қаржылық жағдайларыңызды нашарлатпаңыздар. Егер кірістеріңіз міндеттемелеріңізді қайтаруға жетпесе, қазірден, бүгіннен бастап жаңа қарыз алмаңыздар.

Үшіншіден, бағдарлама аясында төлемі кейінге шегерілген адамдар қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредит ала алмайды. Біз мұны бірінші кезекте клиенттерге қамқорлық жасау және олардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау мақсатымен жасап отырмыз.

Біз мемлекетпен, Қазақстан халқымен біргеміз және қазіргі қиындықтарды бірге жеңуге көмектескіміз келеді.

Бұл бірінші немесе соңғы сынақ емес. Біз кез келген қиын сәтте сүйікті клиенттерімізге барынша қамқорлық жасауға тырысамыз.

Kaspi командасының және жеке өз атымнан барлық қазақстандықтарға денсаулық тілеймін. Өздеріңізді, жақындарыңызды қорғаңыздар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық нұсқауларын орындаңыздар және қолма-қол ақшаны барынша аз қолданыңыздар. Олар да вирус тасымалдаушы. Сатып алу мен төлемді  Kaspi Gold картасы мен біздің Kaspi.kz қосымшасы арқылы жасаңыз, –  дейді Михаил Ломтадзе. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан Kaspi bank

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір