19 Наурыз, 2020 NEWS
Фото: ria.ru
Кеше, 18 наурыз күні Италияда өткір дерттен 475 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РБК агенттігі дерегін негізге алып.
Италия денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, елде коронавирус құрбандарының жалпы саны 2,9 мың адамға жетсе, 28,7 мыңнан астам адам ауру жұқтырып отыр.
Дүниежүзілік денсаулқ сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйновичтың мәліметінше, жұқпалы ауырудан қаза болғандар санының көп болуына көбіне олардың салғырттығы себеп болуда.
«Италиядағы коронавирус таралуының тым ауқымды болуына пациенттердің ауру жұқтырғанын тым кеш сезінуі және індетке салғырт қарауы себеп болған: вирус жұқтырғандар ауру жұқтырғанын сезбей, тіпті аурудың қандай белгілері болатынын білмей жүре берген», – дейді .
Сонымен бірге, коронавирустан көз жұмғандардың көп мөлшерінде бұрында созылмалы ауыру болғаны дәлелденген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір