• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:47:35
Алматы
+12°

Жақында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде тұтқындарды босату туралы жаңа заң қабылданып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Бүгінде Түркияда 355 түрме бар. Темір торда отырғандардың саны – 300 мың. 800-ге тарта сәби анасымен бірге түрмеде отыр. Түркия түрмелерінде жалпы әйелдер саны 17 мыңнан асады. Ауруы асқынған 1334 науқас бар.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) жалпы отырысында Әділет және даму партиясы мен Ұлттық халықтық партиясының мақұлдауымен түрмедегі тұтқындардың босатылуын қарастыратын жаңа заңның қабылданып, қолданысқа енгізілуімен ұрлық, бопсалау, мүлікке залал келтіру, алаяқтық, есірткі саудасы, шантаж, зорлық-зомбылық, иммигранттар контрабандасы, адам саудасы, қасақана кісі өлтіру, жаралау сияқты қылмыстар жасап, сотталған 90 мың адамды түрмеден босату басталды.

Бірқатар заңгерлер бұл заңда алалау бар екенін, зиялы қауым өкілдерінің назарына ұсынбастан қабылданғанын, Конституциялық Сот тарапынан бақылауға алынып, оның күшін жоятынын айтуда.

Түркияның Қылмыстық кодексінің негізін салушылардың бірі, Стамбул университетінің Заң және қылмыстық істер факультеті, Тәртіптік құқық бөлімінің бастығы, профессоры Адем Созуер «Мамандар бұл заң қабылданған соң естіп жатыр, неге тиісті сала мамандары талқыламады?» деген сауалға расында мамандар талқылауына түспегенін айтып, он университет ғалымы, заңгерлер осыған қатысты Түркия Ұлттық Мәжілісіне мәжілісіне арнайы хат жазғанын, хат мазмұнында бұл заңның Конституцияға қайшы, босату принциптеріне сай келмейтіні, алалайтын әрі әділетсіз екені айтуда.

Рақымшылық заң жобасы пакетінің мәтіні университеттерге жіберіліп, ешқандай пікір сұралмаған. Негізінде, заңға мұндай жан-жақты өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы пікір мамандардан сұралады немесе құрылған комиссия құрамындағы орындаушы практиктер мен ғалымдар бірлесіп жұмыс істеп, ортақ мәтін құрастыралатын көрінеді. Ғалымдар мұны талап еткенімен, бұл әдістер іске асырылмаған.

Қылмыстық заңгерлер және құқықтық сарапшылар осы заңға қатысты ұсыныстың мазмұны Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне ұсынылған кезде ғана хабардар болғанын айтады.

Қазіргі уақытта Түркияда 10 университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы бұл заңға қатысты Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне өздерінің пікірлерін жазып жіберген.

Бұл пікірлер ақпараттық құралдар арқылы халыққа жарияланып үлгерген.

Қылмыстық заңгерлердің барлығы дерлік, бұл рақымшылық заң жобасы туралы бірауыздан былай деген: «Бұл заң жобасы Конституцияға, оны орындау қағидаларына қайшы, онда алалауға жол берілген және әділетсіз. Заңды талқылау кезінде тек заңгерлер ғана емес, білікті саясаткерлер де: «Айтылған сындар дұрыс, бірақ бұл кезеңде заңның негізіне өзгерістер жасау мүмкін емес», – деді. Бұл сөздің мағынасы «Бұл – саясат талаптарына сай жасалды, біз ғылыми пікірді есепке ала алмаймыз», – деген болуы мүмкін.

Бұл заңның қабылдануына негізінен Covid-19 пандемиясы себеп болды. Расында да, заңның тармақтарында ашық Covid-19 себепті тұтқындардың түрмеден босатылатыны туралы жазылған. Осылайша, рұқсат беріліп босатылған тұтқындардың рұқсат мерзімі сот үкімін орындау болып есептеледі. Дегенмен жұқпалы ауру қаупі дәл солай төніп тұрған өзге тұтқындар туралы қарастырылмаған. Негізінде, Еуропалық Одақ Covid-19 себепті босату заңы әрі тұтқындағылар мен әрі босағандарға тиімді болуы керектігін білдіруде.

Егер заң расында да жұқпалы ауруға қатысты қабылданған болса, онда алалауға жол берілмеуі тиіс болатын. Бұл жерде қауіпті топтар балалар, әйелдер бірінші кезекте тұруы тиіс еді. Түркиядағы қазіргі таңда 800-ге тарта бала анасымен бірге түрмеде отыр.

Мәселен, 65 жастан асқан әлсіз адамдар мен 0-6 жас аралығындағы балаларымен түрмеде отырған аналар тұрғысынан да айырмашылығы бар тармақтар бар.  Егер заңға түзету енгізудің талабы қарттар, ана мен балалар болса, олардың жасаған қылмысы бойынша алалау болмауы дегенді алға тартады.

Бұл заңның басты проблемасы – рақымшылықтың негізгі пирнципі болған қылмыскерді негізге алмауы. Тұтқындар бірдей қылмыс жасағанымен, олар тұлғалық болмысы әр түрлі адамдар. Егер қауіптілік деңгейі, істеген ісіне өкінетіні сияқты критерийлер емес, жасалған қылмыстары ескерілсе, қазір де рақымшылыққа ілінген көптеген адам қылмыс жасап, түрмеге қайта түседі дегенге сенімді. Қаншама ұры, жемқор, бопсалаушы, тонаушы мен алаяқтар көп күтпей, өздерінің бұрынғы ісіне тез оралатын болады, бұған керісінше, айтарлықтай проблемасы жоқ, қоғамға зияны тимейтін адамдар түрмеде ұзақ отырады дегенді айтады. Мәселен, зорлық-зомбылыққа араласпаған, бірақ билікке бағынбағаны үшін террористік қылмыскер деп танылған журналистер, үйде отырған әйелдер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, полиция қызметкерлері және сот жүйесі мүшелері түрмеде қалады, олар босатылмайды. Ұрыны ұстаған полиция түрмеде отыруды жалғастырады, бірақ ұры босатылады. Адам өлтіруші босатылады, ал оны соттаған сот камераға жабылады. Жемқорлықпен айналысып, мемлекетті алдаған алаяқтар бостандыққа шықса, оның осы ісін зерттеп, халыққа жариялап, өзінің қоғамдық міндетін орындаған журналист террорист саналады деп қыңжылады. (Бүгінде Түркия түрмелерінде 300-ден аса журналист қамауда отыр).

Президент Режеп Тайып Ердоған өзі әзірлетіп, өзі мәжіліске жіберген заңды ұсыныла салысымен бірден мақұлдауы қоғам белсенділерінің наразылығын тудырған. Осыдан біраз уақыт бұрын «Мемлекет мемлекетке қарсы жасалған қылмыстарды кешіре алады. Алайда адамдарға қатысты жасалған қылмыстарға рақымшылық жасалмайды», деген Ердоған тағы бір рет сөзінен тайқып, адамдарға қарсы жасалған қылмыстарды кешіріп, өзіне бағынбағандарды абақтыда ұстауға шешім қабылдағанын айтады.

Бұл рақымшылықтың атасы ретінде тарихқа енетін Ұйымдасқан қылмыс ұйымының жетекшісі Алааттин Чакыжы да босатылады екен деген ақпарат желдей есуде. Ұлтшылдар партиясының көсемі (MHP) Девлет Бахчелидің оны түрмеге іздеп барып кешірім сұрауымен басталған процесс екі жылдан кейін аяқталды. Бір қызығы, Алааттин Чакыжы осы рақымшылыққа ілікті, тыс қалмады.

Билік пен оның жақтастарының бұл қадамы қарсыластарды вирустық індетпен жоюды олар үшін «біржолата жою» ретінде қарастыруға болуы мүмкін бе?!

Заңгерлердің пікірінше, түрмелердегі ықтимал індет салдарынан болуы мүмкін өлімдерге Еуропалық адам құқығы бойынша coттың және Конституцияның кепілдігі берілген «Өмір сүру құқығы» аясында мемлекет жауапты болады. Осы жауапкершілікке байланысты сотқа шағымданып, компенсациясы төлеткізумен қоса, індетке қарсы қосымша қажетті шаралар қолданбаған құзыретті әкімшілік және сот орындарына қатысты тергеулер жүргізуі қажет болады дегенді айтады.

Билік пен оның жақтастарының пікірлерін негізге ала отырып, қарсыластарды вирустық індетпен жоюды олар үшін «біржолата жою» ретінде қарастыруға болады дейді сарапшылар.

Жарқын Алдияр, зерттеуші

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір