• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:11:54
Алматы
+12°

Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

«Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап «Nur Otan» бұдан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде.

Бүгін партияның Орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларды жөнелтті. Су тасқыны болған жерде тікелей «Jas Otan» волонтерларынан штаб құрылды. Олар зардап шеккен тұрғындарға жүкті үлестіріп беруге атсалысады» - деп жазды Бауыржан Байбек.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. ⠀ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. ⠀ Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап «Nur Otan» бұдан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде. ⠀ Бүгін партияның Орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларды жөнелтті. Су тасқыны болған жерде тікелей «Jas Otan» волонтерларынан штаб құрылды. Олар зардап шеккен тұрғындарға жүкті үлестіріп беруге атсалысады. ⠀ *** ⠀ Дорогие друзья! Как вы знаете, из-за прорыва дамбы в соседнем Узбекистане были подтоплены населенные пункты Мактааральского района Туркестанской области, более 30 тысяч жителей эвакуировано. ⠀ Глава государства Касым-Жомарт Токаев поручил правительственной комиссии незамедлительно провести работу по восстановлению жилья, инфраструктуры и оказанию социальной поддержки населению. ⠀ С первых дней чрезвычайной ситуации «Nur Otan» не остается в стороне. Филиал и члены партии оказывают посильную помощь пострадавшим жителям. ⠀ Сегодня Центральным аппаратом партии из столицы в Туркестанскую область направлено более 40 тонн гуманитарной помощи, в том числе продукты питания и личной гигиены. Непосредственно на месте создан штаб из числа волонтеров «Jas Otan» для распределения груза среди нуждающихся. ⠀ #BizBirgemiz #МыВместе

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Nur Otan партиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір