26 Мамыр, 2020 NEWS
AFP
"Екі Корея да атыс жасап, ортақ шекараны реттейтін бітімгершілік келісімін бұзды" деп жариялады сейсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымы басшылығы (БҰҰ). Бұл туралы Қамшы тілшісі AFP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы сейсенбіде "Солтүстік және Оңтүстік Кореяны бөліп тұрған әскерисіздендірілген аймақта екі елдің әскери күштері арасындағы болған атыс салдарынан бітімгершілік туралы келісім бұзылды" деп мәлімдеді.
3 мамырда Оңтүстік Корея күзет бекетіне Солтүстік Корея тараптан оқ атылған. Бірнеше минуттан кейін Сеулдің сарбаздары қайтарма мылтық атып, ескерту жасаған.
Атыстың болмауын қадағалайтын БҰҰ тергеу тобы оқиға бойынша тергеу жүргізіп, "екі жақ та бітімгерлшілік келісімді бұзды" деген тұжырым жасаған.
"Бірақ тергеу солтүстіктің әдейі немесе қателікпен оқ атқанын нақтылай алмады" деп мәлімдеді БҰҰ.
Айта кетейік, 1953 жылы Корея соғысы бейбітшілік келісімімен емес, бітімгершілікпен аяқталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір