• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:26:39
Алматы
+12°

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Қазақстан қалалары арасындағы блокбекеттер қашан алынатынын мәлімдеді.

– Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан бастап қалалар арасындағы блокбекеттерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес 5 маусымнан бастап тасымалдауды қайта бастау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жолаушыларды автобустармен тасымалдау кезіндегі тиісті жұмыс алгоритмі бас санитар дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысының талаптарын ескере отырып әзірленген, енді маршруттың соңғы пункттерінде автобустарға дезинфекция жүргізілуге тиіс, ал жолаушыларға тек маскамен кіруге рұқсат беріледі, – деді Жәнібек Тайжанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, әкімдіктер тасымалдау процесіне қатысушылардың алгоритмді сақтауын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір