04 Маусым, 2020 NEWS
Әл-Жазира
АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Джеймс Мэттис президент Дональд Трампты "елді бөлшектеді" және "өз өкілеттіктерін асыра пайдаланды" деп айыптады. Бұл туралы Қамшы тілшісі Әл-Жазира телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сирек қоғамдық пікір білдіретін экс-министрдің ойынша, Трамп «жетілген көшбасшылық» жасай алмаған.
Ол жақында басталған толқуларға қатысты Трамптың саясатына ашуланғанын айтты.
АҚШ президенті жауап ретінде Джеймс Мэттисті «артық генерал» деп сипаттап, оның қызметінен кеткеніне қуанышты екенін айтқан.
2018 жылы Трамп АҚШ әскерін Сириядан шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін Джеймс Мэттис отставкаға кеткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір