• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:42:32
Алматы
+35°

«Аяла» қоры Алматы облысының Қапшағай қаласында орналасқан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан 251 Мақтарал ауданының алты мектебінің 5-9 сынып оқушыларына киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған 251 рюкзак табыстады. Жалпы сомасы - 15 млн теңге.

«Түркістан облысының әкімдігінен біз Қапшағайға Мақтаарал ауданынан балалардың келгені және оларға киім керек екені туралы мәлімет алдық. Бұдан кейін біз Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» РОСО басшылығына хабарласып, нақты не сатып алу керектігін білдік. Сөйтіп, әр баланың жасын, бойын және өлшемін ескере отырып, 251 жинақтама жасадық. Бұған қосымша мектепте оқуға қажеттінің барлығы салынған жақсы рюкзактар сыйлауға шешім қабылдадық. Ал үйлеріне қайтар алдында балалардың көңілін көтеру үшін өздері жақсы білетін JOKEASSES командасының вайнерлерін кездесуге алып келдік. Демалыстың мұндай тамаша аяқталуы оларға жақсы көңіл-күй сыйлап, бүкіл жазға қуат берді деп үміттенеміз», – дейді «Аяла» қорының президенті Айдан Сүлейменова.

«АЯЛА» қоры берген киім жинақтамасында ұлдарға арналған шолақ шалбар, қыздарға арналған легинси, футболка, сандал, кроссовка, шұлық, худил мен қалың жейделер бар. Бұлардың барлығы жолға ыңғайлы сөмкеге салынған. Мектепке арналған әрбір рюкзакта – 55 түрлі кеңсе керек-жарақтары, ұялы телефондар үшін тасымалданатын қуаттау құрылғысы және ауыз суға құйып жүретін бөтелкелері бар.

Мақтарал ауданың оқушылары «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 2 апта болды. Олар жайлы жабдықталған бөлмелерде тұрды, 5 уақыт тамақпен қамтамасыз етілді, сауықтыру шараларын алды, ашық бассейнде шомылып, шығыршықты және өзі сырғанайтын құрылғылармен сырғанады. Спорт секцияларында тенниспен, садақпен атумен, фитнеспен айналысты.

Орталық қызметкерлері балалар үшін қызықты викториналар, эстафеталар ұйымдастырды. Ең бастысы – әр бала психологиялық тұрғыдан оңалды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы жоспар бойынша білікті педагог-психологтар олармен жұмыс істеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір