ШҚО ақпарат орталығы
Алакөл жағалауында 175 демалыс орны бар. Соның ішінде 59-ы (34 пайызы) ғана ішінара санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізуде. Ал қалған 116 демалыс орны туристерді қабылдап алуға әлі дайын емес. Бұл туралы ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Нұрланғазы Ибраев мәлім етті.
- 59 демалыс орнының 32-і дезинфекциялық құралдармен толық қамтамасыз етілді. 23 демалыс орнындағы ас ішетін үстелдердің ортасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталды. 22-де антисептикалық санитайзерлер мен бөлме тұрғындарының жатын орындарының арасындағы қашықтық сақталған. 12 демалыс орнында байланыссыз термометрлер сатып алынды, - деді Нұрланғазы Ибраев.
Демалыс орындарының аумағында орналасқан ойын және сәулеттік нысандарда дезинфекциялау жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілген жоқ. Сонымен қатар келушілер арасында сауалнама жүргізіп, санэпидемиологиялық қауіпсіздікті түсіндіретін жауапты тұлғалар тағайындалған жоқ. Осы бағыттағы жұмыстар 10 маусымнан кейін жүзеге асырылмақ. Нұрланғазы Ибраев осылай деді.
- Жергілікті билік өкілдерінің бастамасымен демалушылар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында көл жағалауы маңында белгілер орнатылды. Жоспарға сәйкес Алакөлде профилактикалық дезинфекциялау жұмыстарының бірінші кезеңі өткізілді, - деді Нұрланғазы Ибраев.
Брифинг барысында Нұрланғазы Ибраев туристер мен демалыс орындарының басшылықтарына КВИ-дің алдын алу жұмыстарын түсіндіру мақсатында туристік ақпараттық орталық пен серуендеу аймағында ЛЕД экрандар орнатылатынын атап өтті.
- 7 маусымдағы деректерге сәйкес Алакөлдегі бірде-бір демалыс орны туристерді қабылдап алуға дайын деген актіні алғаны жоқ, - деді Нұрланғазы Ибраев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір