• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:22:30
Алматы
+12°

Якидар Ганиев атты facebook қолданушысы өз парақшасында тікелей эфирге шығып, жуырда Алматы облысы Ұйғыр ауданында болған қазақ-ұйғыр жанжалына қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, қазақ-ұйғыр конфликті – тұрмыстық емес, ұлттық мәселе. Ұйғыр ауданы бірнеше ондаған жылдан бері Қазақстандағы этникалық ұйғырлардың мекені болғанын, аудан халқының басым бөлігін ұйғырлар құрайтынын айтты. Сондықтан ол "Ұйғыр ауданы – ұйғырлардың ауданы" деп санайды.

Якидар Ганиевтің пікірінше, Ұйғыр ауданының болуы – Қазақстандағы ғана емес, күллі посткеңестік елдердегі ұйғырлар үшін мақтаныш. Өйткені ұйғырлар ауданды өз отанындай көреді.

Facebook қолданушысы аудандағы қазақтар мен ұйғырлар осыған дейін қақ-соқ деспей өмір сүргенін, соңғы кездердегі кикілжің ауданға оралмандар көптеп келе бастағандықтан туғанын атап өтті. Ол аудан атын, көше, ауыл аттарын қазақшалауды Қытайдан келген оралмандар көтеріп жүргенін, бұл конфликтке Қытай ықпалының барын айтып, оның астарында қазақ-ұйғыр ұлтының арасына іріткі салу саясаты жатқанына назар аударды.

Сондай-ақ ол Ұйғыр ауданында тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ететін бірде-бір кәсіпорынның жоқтығына қынжылыс білдіріп, үкімет оралмандарды жұмыс орны жоқ ауданға қоныстандыру арқылы қателік жасады деп санайтынын жеткізді. "Адамдар жұмыс жоқ болғандықтан, "Жердің қожасы кім?" деген сұраққа бас қатырып жүр" дейді ол.

16 маусым күні Алматы облысы Ұйғыр ауданында бір топ қазақ-ұйғыр жастары төбелесіп, 5 адам пышақ жарақатын алған. Облыс басшылығы "дау – жолға таласқаннан шыққан тұрмыстық сипаттағы жанжал" дегенімен, тұрғындар төбелес астарында түйіні тарқатылмаған талай түйіткіл бар деп санайды. Жанжалдан соң ауданның қазақ тұрғындары Ұйғыр ауданының атын ауыстыру бастамасын көтерген. Облыс әкімі Амандық Баталов аудан тұрғындарының ұсынысын жоғары жаққа жеткізетінінін, мәселені қарайтынын айтқан.

♦ Ұйғыр ауданының аты: ірге бөлу ме, бірге болу ма? (видеорепортаж)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір