• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:00:21
Алматы
+35°

Ядикар Ганиев атты facebook қолданушысы Қазақстанда этникалық ұйғырлардың қазақтармен тең құқықты екенін еске салып, "ұйғырлар да өзі тұратын көше мен аудан атын өзгертуге хақылы" деп санайды.

– Ұйғырлар көп жылдан бері Ұйғыр ауданында тұрып келеді. Кейбіреулер "ұйғырлар 1950-1960 жылдан бастап қана Ұйғыр ауданында тұрады" дейді. Жоқ, бұлай емес. Бұл аудандардың бірнеше ғасырлық тарихы бар. Тіпті кей аудандар Қытаймен шекаралас болып келеді. Біз жерді бөліп алып, жеке мемлекет құрамыз деп айтып жатқанымыз жоқ. Біз Қазақстанның заңдарын мойындаймыз, бағынамыз. Тек ұйғыр халқының да басқа ұлттар секілді өздері тұратын аудан атын тарихымен байланыстырып өзгертуге құқығы бар екенін айтқым келеді. Ал 10 жыл бұрын Қазақстанға көшіп келген оралмандар барлық көше мен аудан атауын өзгерту керек дейді. Осы жағдайда әділ шешім шығарған жөн, – деп пікір білдірді facebook қолданушысы. 

Сондай-ақ Ядикар Ганиев ұйғырлар мен қазақтар арасындағы тартыс 5 ақпандағы дүнген-қазақ оқиғасына ұқсайтынын айтты. 

– Бұл оқиға биылғы жылы 5 ақпанда дүнгендер мен қазақтар арасындағы қақтығысты есіме салып отыр. Бұзық қазақтар дүнгендерге шабуыл жасады, үйлерді, дүкендер мен көліктерді өртеді, адамдарды ұрып-соқты. 400-ден астам дүнгендер Қырғызстанға қашуға мәжбүр болды. Қазақстан билігі бірлік, толеранттық туралы айтқанымен қазақтардың жағына шықты. Себебі басқа ұлттарға қарағанда қазақтардың саны көп. Билік кез келген қақтығыста қазақтардың іс-әрекеті дұрыс болмаса да, қазақтарды қорғайды. Біз, ұйғырлар, мәселені үлкейтуді қаламаймыз. Бірақ Қазақстан билігі қазақтардан бөлек, Қазақстан азаматығы бар ұйғырлардың құқығын қорғайды дегенге де толық сенімді емеспін. Бұған дәлелдер мен мысалдар да көп. Сол себепті мен өз кезегімде, ұйғыр халқын жастармен кеңесіп, сөйлесуге шақырамын. Көптеген мәселелер жастар арасындағы түсініспеушілік себебінен болатыны белгілі. Себебі жастар шапшаң, шыдамсыз болып келеді. Кішкентай түсінпеушіліктің өзі үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Аудандағы үлкендер буыны жастар арасында насихат жүргізіп, ақыл айтуы керек. "Жер кімдікі?", "кім бөтен, кім қожайын" деген секілді мағынасыз айтыс-тартыстардан аулақ болу керек. Себебі бұл жақсылыққа әкеліп соқпайды. Өкінішке қарай, мұндай пікірталастар білімсіз, әр жерден естігенін айтқан адамдардың арасында болып жатады, – дейді Ядикар Ганиев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір