• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:14:10
Алматы
+12°

"Ақпан айында дүнгендермен болған оқиға ұйғырлармен қайталанбайтынына кепілдік бере алмаймын". Бұл – Якидар Ганиев атты facebook қолданушысының сөздері. Ол парақшасында тікелей эфир арқылы таяуда болған Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы қазақ-ұйғыр жанжалы туралы пікір білдіріп, этникалық ұйғырларды кез келген жағдайға дайын отыруға шақырды.

Оның сөзінше, Ұйғыр ауданындағы ұйғыр ауылдарына кез келген уақытта басып кіріп, ойран-топыр салуы бек-мүмкін қарулы күштер әзірленіп жатыр-мыс. Ойраннан сақтану үшін әр ауылда арнайы штаб, олардың арасында тығыз байланыс орнауы керек.

Желі қолданушысы ұйғыр ауылдарына төніп келгендерге төбелеспен жауап беру қажет еместігін айтты. Десе де бұзақыларға тосқауыл қою білу керек екенін де ескертті.

"Бұл – өмір мен өлім мәселесі" деген ол әр ауыл өзін қорғай алуы үшін отрядтар құруы керектігін, сондай-ақ шегінетін, жасырынатын жерді тауып қоюды да қаперден шығармау қажеттігін атап өтіп, әр селоны қамдануға шақырды. Азық-түлік, киім-кешек, құжаттар секілді апаттық керек-жарақты әзірлеп, құжаттардың көшірмесін, электрондық нұсқаларын жасап қоюға үндеді.

Якидар Ганиев аудан аты ауысқанымен аудандағы экономикалық мәселелер шешілмейді деп санайды.

Сондай-ақ ол аудан атын Қарадала деп ауыстыру туралы бастамаға пікір білдірді. Оның сөзінше, "Шонжы – қалмақ батырының есімі" деген жаңсақ нәрсе.

– Чунджа (Шонжы) – ұйғыршадан үлкен жер дегенді білдіреді. Қалмақ батыры дегенді қайдан шығарып жүр? Бұл жерде ұзақ уақыттан бері ұйғырлар мекен етеді. "Чунджа – Қалмақ батыры" деп білмейтіндер айтып жүр. Жақсы, аудан атын ауыстырдық делік. Бірақ неге Қарадала? Мен "Қарадала" дегенде қара шөлді, өлі шөлді елестетемін. Неге Көкдала емес, неге тап Қарадала? Неге бұл мәселеде ұйғырлардың пікірін сұрамайды. Бұл – әділдік емес деп ойлаймыз. Ертең қазақтар ұйғырлармен араласпаймыз деп ойлай ма? Бұл нәрсе екі ұлт қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Бұл – үлкен сұрақ. Мен ұлтаралық арақатынастың нашарлағанын қаламаймын, – деді ол.

Жуырда Алматы облысы Ұйғыр ауданында бір топ қазақ-ұйғыр жастары төбелесіп, 5 адам пышақ жарақатын алған. Аталмыш конфликтен кейін ауданның қазақ тұрғындары Ұйғыр ауданының атын ауыстыру бастамасын көтерген. Облыс басшылығы мәселені қарайтынын айтқан.

♦ Ұйғыр ауданының аты: ірге бөлу ме, бірге болу ма? (видеорепортаж)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір