16 Шілде, 2020 NEWS
Фото: inform.kz
Шығыс Қазақстан облысында жергілікті емхана қызметкерлерінен 331 мобильді топ құрылған. Аталмыш топ қызметкерлері карантин уақытында тұрғындарға медициналық көмек көрсетпек.
Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов мәлімдеді.
– Семей қаласында 71, Өскеменде 41 және 17 аудан мен қалаларда 219 топ жұмыс жасап тұр. Олар тек азаматтарға шақырту бойынша үйлеріне барып, медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, дәрі-дәрмек те жеткізіп бере алады, – деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, аталмыш жобаны қолдау мақсатында аудан мен қала әкімдіктері өздерінің қызметтік көліктерін мобильді топтарға табыстаған.
ШҚО
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызмет
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір