• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:17:08
Алматы
+12°

АҚШ-тағы Вандербилт университетінің профессоры Маттю Бакчетта және Колумбия университетінің профессоры Гордана Вунжак адамның зақымданған, трансплантациялауға келмейтін өкпесін шошқаның қантамырына жалғаған соң, зақымданған өкпе алмастыруға болатындай түгелдей жазылған. Бұл туралы ғалым Жексен Тоқтарбай мәлімдеді.

Тәжірибе барысында 5 дана зақымданған, трансплантацияға жарамайтын адам өкпесі тірі шошқаның қан жүйесіне жалғанып, 24 сағат бақыланған. 24 сағаттың өзінде зақымданған өкпе түгелдей қалпына келген.

– Кейде науқасқа алмастыратын өкпе табылғанымен, ол таза болмауы мүмкін. Сондықтан трансплантацияға жарамайды. Соның салдарынан науқастарға донор жетіспейді. Осындай кезде осы әдіс арқылы жаралы өкпені емдеп, жазып, сосын алмастыруға болады, – дейді ғалымдар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір