• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:13:34
Алматы
+35°

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат қоры басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы 2020 жылдың шілде айында карантин шараларының енгізілуіне байланысты қызмет етуші алматылықтарға мемлекет кірісінен толығымен айырылған жағдайда ең төменгі еңбекақы — 42 500 тг көлеміндегі бір реттік төлем алудың тәртібі қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді.

Яғни, төлемдер ағымдағы жылдың шілде айына қарастырылған.

Кімге тиесілі: Ережелердің 3 т.сәйкес төлем келесі санаттар бойынша жүзеге асырылады:
1) Екінші деңгейлі банк қызметкерлерін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды, және солармен бірге үлестес заңды тұлғаларды, мемлекеттік заңды тұлғаларды (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа), сонымен бірге, акцияларының және жарғылық капиталындағы үлестерінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында жүрген қызметкерлерге;
2) Жеке кәсіпкерлерге;
3) Жеке тәжірибемен айналысушы азаматтарға;
4) Нысанасы жұмыстарды (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТтөлеуші) жүзеге асырылады.

Кімге берілмейді:
Біржолғы төлем шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, оның ішінде:
1) жұмыс берушінің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс алатын жеке тұлғаның қызметі шектеу іс-шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда;
2) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы адамдарға;
3) еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдарға;
4) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) төлеу фактісі анықталмаған БЖТ төлеушілерге;
5) АҚС шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алатын, ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) түспеген жеке тұлғаларға;
6) зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылмаған адамдарға және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, шектеу іс-шаралары енгізілген кезеңде алғаш рет БЖТ төлеген адамдарға;
7) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға;
8) біржолғы төлем алушының жоғалтылған кірісі қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір