29 Шілде, 2020 NEWS
kungei.kz
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі орынбасарын қызметінен босатты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды" делінген хабарламада.
Ербол Әбілхайырұлы бір жыл бұрын, ал Алмасбек Кеңесбекұлы биыл ақпанда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір