29 Шілде, 2020 Алматы облысы
Фото автордікі
Бүгінде инфекциямен күресуге медицина қызметкерлерімен бірге еріктілер де жаппай жұмыла бастады. Мәселен, Алматы облысындағы алакөлдік кәсіпкерлер мен жаны жомарт тұрғындар ауданымызда орналасқан емдеу мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартуда. Осы ретте індетке шалдыққан науқастардың еміне шипа болар деген сеніммен қолдау көрсетіп, 11 оттегі концентрантын табыс етті.
Қолдау білдірген азаматтардың қатарында «Алакөл ауданның құрметті азаматы», еңбек ардагері Сапарғали Абдинов, Қарабұлақ ауылының тұрғыны Күлсім Жақанбаева, «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ, «Жазылбеков и К» компаниясының өкілі Айдар Жазылбеков, «Бағалы – Алакөл» ЖШС өкілі Дәурен Слямов, жеке кәсіпкер Қанат Нұғыманов бар. Сондай-ақ, ауданда орналасқан «Мерей-Әсем» ЖШС басшысы С. Қарабеков өкпедегі қанайналым жүйесін өлшейтін (Сатурация) 50 дана Pulse Oximeter аппаратын аудандық орталық ауруханаға табыстады.
Шара барысында алакөлдік жомарттар еліміздегі жағдайға байланысты коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбектері орасан зор екенін айтып, дәрігерлерге алғыс білдірді. Соңында аудан әкімі Әлібек Жақанбаев осындай қиын қыстау кезеңде халықтың жанашыры болып, береке мен бірлігімізді көрсетіп, жақсылық істерде жарысып, игілікке толы істерде қол ұшын созған азаматтарға өзінің және аудан тұрғындарының атынынан алғыс айтты.
Айдар ҚАЛИЕВ
Алматы облысы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір