04 Тамыз, 2020 Барлық аймақтар
Көрнекі сурет
"Ұлы дала академиясы" қоғамдық қорының директоры Берік Қадыров праймериз арқылы Қазақстанда тәлімгерлер мектебін құру керек дейді. Мұндай пікірін ол "Nur Otan" партиясы жақтастарының лигасы өткізген онлайн-конференцияда айтты.
Саясаттанушылар мен қоғам белсенділерінің конференциясына Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан қатысқан Берік Қадыров бұл саяси науқан тұтастай елді жақсы жаққа бастауы үшін, әрбір адамның бойына өзгеріс әкелу керек дейді.
– Праймериз Қазақстанның саяси өмірін өзгертіп қоймай, өзге де салаларға жаңа леп әкелуі тиіс. Елімізге кемі бір тәлімгерлер мектебі керек болып тұр. Сондықтан, праймериз "Nur Otan" партиясының ғана саяси дүниесі болмай, үлкен мен кішінің арасындағы саяси тәлімгерлік мектеп болуы керек, – дейді ол.
Басқаруға белсенді әрі білімді жастар келу үшін ең алдымен цензураны жойып, олардың еркін ой айтуына мүмкіндік беру керек дейді Берік Кәдірұлы.
Сондай-ақ ол болашақ депутаттарды әділ болуға, өтірік баяндама жасап, жалған сөйлемеуге шақырды.
– Жастарға өтірік баяндама жасауды, жалпы өтірік айтуды үйретіп кеткен кезеңдер болды. Ондай кезең менің де басымнан өткеннен кейін айтып отырмын. Жастардың еркін ойлап, ойын ашық жеткізуіне де кедергі келтіруге болмайды. Кейде бір жиындарда мықты жастарды көріп қаламыз да, кейін жоғалтып аламыз. Сұрастырсаң, "үлкендер тыйып тастады" деп жатады. Мұндайға жол бермеуіміз керек, – дейді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір