11 Қыркүйек, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
"Ресейлік хакерлер америкалық саяси партиялар мен кеңесшілердің және 200-ден астам ұйымның компьютерлік жүйелеріне шабуыл жасауға тырысты" деп хабарлады Microsoft. Компанияның ақпаратына сәйкес, 2016 жылы да осындай хакерлік шабуылдар болған.
"Біздің көргеніміз бойынша, хакерлік шабуылдар тек қана үміткерлер мен үгіт-насихат қызметкерлеріне ғана емес, негізгі мәселелер бойынша кеңес беретіндерге де бағытталған. Бұл бұрынғы хакерлік әрекеттерге өте ұқсайды" деді өз блогында Microsoft корпорациясының вице-президенті Том Берт.
Ол Ресей, Қытай және Иран агенттерінің хакерлік шабуылдары Microsoft қауіпсіздік бағдарламалық жасақтамасы арқылы тоқтатылғанын мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір