• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:51:18
Алматы
+35°

Белгілі театр және кино актеры Әділ Ахметов Жастар театрының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының бұйрығымен Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, белгілі театр және кино актер, Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік президент стипендиясының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әділ Ералыұлы Ахметов Жастар театрының директоры болып тағайындалды.

Әділ АХМЕТОВ 2002-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "Драма және кино актеры" мамандығын профессор Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ шеберханасында тәмамдады.

Еңбек жолын 2002-2006 жылдары "Мен" театрында, 2006-2007 жылдары Тазабеков театрында актерлік қызметтен бастап, 2007 жылы Астана қаласы Жастар театрының негізін қалауға атсалысқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір