• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:31:51
Алматы
+12°

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзербайжанды дереу оқ атуды тоқтатып, келіссөз жасауға шақырды. Бұл туралы жабық түрде өткен кеңестің қорытындысында БҰҰ жанындағы Нигерияның тұрақты өкілі Абду Абарри мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости

"Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері күш қолданғандарды қатаң түрде айыптап, адамдардың қайтыс болуына байланысты өкініш білдірді" делінген Абарри БАҚ-қа оқыған хабарламада. 

Сондай-ақ Абарри журналистерге Қауіпсіздік кеңесі қақтығыс аймағындағы жағдайды жою үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

"Біз жағдайды тыныштандыру үшін қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ретінде қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Қажет болса, біз екі өкілмен (Армения мен Әзербайжан) Нью-Йоркте және оқиға орнында ортақ тіл табуға көмектесу үшін сөйлесеміз" деді БҰҰ жанындағы Нигерияның тұрақты өкілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір