• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:11:07
+35°

Таулы Карабахтағы қақтығыс бірнеше күннен бері әлі жалғасып жатыр. Кеше түнде Әзербайжан мен Армения түнгі уақытта бір-біріне артиллериялық соққылар жасаған.

"Түнгі қақтығыс кезінде Әзербайжан армиясының бөлімшелері Армения Қарулы Күштерінің позицияларына жойқын артиллериялық соққылар жасады" деп хабарлады Әзірбайжан қорғаныс министрлігі. 

Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар саны көрсетілмеген.

"Өткен түнде Қарабақтағы жанжал аймағында жағдай тұрақты болды. Екі тарап жеке бағыттар бойынша артиллериялық соққылармен алмасты. Өздерінің әскери тәртіптерін жақсарту мақсатында, Әзербайжан жауынгерлері күштері мен құрал-жабдықтарын қайта жинауға кіріскен, бірақ бұл әрекеттің барлығын Арменияның қарулы күштері анықтап, жолын кесті" деп хабарлады Таулы Карабах қорғаныс әскерінің баспасөз қызметі.

Таулы Карабах қорғаныс әскері қақтығыстың төрт күнінде 104 адамынан айырылған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір