• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:27:32
Алматы
+12°

Таулы Карабахтағы қақтығыс әлі жалғасып жатыр.  Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әскери техникасын жарып жіберген сәттегі видеоларжыды жариялады, деп хабарлады АПА сайты.

Таулы Карабахтағы қақтығыс 27 қыркүйектен бері жалғасып келеді. Екі тарап жанжалдың басталуына бірін-бірі кінәлайды.

Таулы Карабах Әзербайжан Республикасы аумағындағы автономиялық облыс. Облыс толықтай Әзербайжанның аумағында жатыр. Ешқандай елмен шектеспейді. 
 
1992-1994 жылдары Армения аймақта этникалық армяндардың тұрып жатқанын желеу етіп әскер күшімен Таулы Карабах өлкесі мен іргелес жатқан жеті ауданның жерін басып алған. Аккупацияланған жер Әзербайжан территориясының 20 пайызын құрайды.
 
Ол сәтте Таулы Карабахта 170 мың азамат тұрған. Оның 130 мыңы армяндар, қалғаны әзербайжандар еді.
 
1994 жылы облыста оқ атуды тоқтату туралы келісім жасалар сәтте Әзербайжан жеріне миллионға жуық босқын келген.
 
1994 жылдан бері аталған аймаққа қатысты келіссөздер АҚШ, Франция, Ресей теңтөрағалары саналатын ОБСЕ-нің Минск тобы деген атпен жалғасып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір