• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 11:33:04
Алматы
+12°

Қазақстанда зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-әрекет қай кезде де өзекті мәселелер қатарында болған. Мемлекеттік органдардың осы проблеманы шешу жөніндегі түсінігі, тәсілі және шаралары бірнеше түйінді сәттермен ұштасқан.

Біріншіден, бұл терминологияға қатысты. Қазақстан Республикасында "зорлық-зомбылық экстремизмі" термині ұғымдық аппаратта, негізінен, заңнамалық деңгейде жоқ. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде және кәсіби ортада кеңінен қолданылатын "violent extremism" термині ресми деңгейде кең қолдау мен түсінікке ие болмады, дегенмен екі тарап шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен жұмыс істеуді жалғастыруда. Бұл "қарсы/ескерту" және "күрес" терминдерінің мағынасына да қатысты.

Қазақстандық контекстте, Орталық Азияның барлық елдеріндегідей бұл терминдер синоним ретінде пайдаланылады, дегенмен батыстық сарапшылық ортада олар айтарлықтай ерекшеленеді (біріншісі шаралар мен құралдардың барлық спектрін қамтиды, ал екіншісі көбінесе физикалық және әскери құрамдауыштарға шоғырланады). Экстремизм мен терроризм терминдерінің тым анық емес анықтамасы алдын-алу және қарсы тұру жұмыстарын қиындатады.

Екіншіден, мемлекеттік бағдарламада экстремизмнің басқа түрлері ("экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы" ҚР Заңында белгіленген)  қауіп төндірмейді деп пайымдалған. Елдің, қоғамның және адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елдің мемлекеттік органдары басшылыққа алатын негізгі шаралар қазіргі уақытта да кеңінен қолданылуда.

Үшінші кезеңде Сириядан оралған содырлар мен олардың отбасыларына, соның ішінде әйелдер мен балаларға және олармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағыттағы мемлекеттік саясат радикалданған күштермен жұмысқа бағытталған.

Экстремизм мен терроризм қаупінің деңгейі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылғы маусымдағы жағдай бойынша терроризм мен діни экстремизмге байланысты қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының 662 азаматы (оның ішінде 14-і әйелдер) сотталып, жазасын өтеп жатыр. Бір қарағанда көп көрінген сандарды бүкіл елге шаққанда өте төмен. Екінші жағынан, деректердің жылдар бойы тұрақты түрде өсіп отырғаны бұқаралық ақпарат құралдарындағы көптеген жарияланымдар мен баспасөз конференцияларында мамандандырылған билік өкілдері айтқан мәлімдемелері себеп. Яғни бұрын құзырлы орган экстрамистік қылмыстарды ашуда жариялылыққа көп бара бермесе, қазір ұдайы хабарланып отырады. Сандардың артуына соңғы бес-алты жыл ішінде ДАИШ-қа қосылу үшін әскери қақтығыстар аймақтарына, атап айтқанда Сирияға барған азаматтар да сееп болған. Десе де аталған ақпараттың бәрі қылмыскерлердің қолға түсіп жатқанын, бұл салада жұмыстың жүйелі жүріп жатқанын көрсетеді.

Соңғы жылдары ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің өнімді жұмысының арқасында көптеген қылмыстық әрекеттердің жолы ұйымдастырылу кезінде кесілді. Бұған дейін экстремистік ұйымдар Қазақстанға да тісін батырып көруге тырысқан. 

Құзырлы орган құрығына түскен айыпкерлердің дені радикалды діни идеологиядан шабыт алғаны дәлелденді. Мәселен, ДАИШ ұйымы өкілдері 2019 жылдың сәуір айында терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни өшпенділікті тұтату және атыс қаруын заңсыз сақтау деректері бойынша 10 жылға сотталды. Бұған дейін 2019 жылдың қыркүйегінде Тәжікстанның жеті азаматы Л.Хамиди көшесінде орналасқан Иверско – Серафимовский монастырының ғимараттарында және М. Мәметова көшесіндегі "АТФ Банк" ғимаратында ҚР-ға кіруге тыйым салынған қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдана отырып, террористік актілерді-жарылыстарды дайындағаны үшін 12-18 жылға сотталғаны белгілі.

Осы тағылеттес қатер түрлері ескеріліп, Қазақстанда халықаралық аренада қабылдапнып жатқан зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қадамдардан бөлек, арнайы стратегия әзірленген. Стратегия стейкхолдерлерді, заңнаманы және жұмыс бағыттарын ескеретін көптеген түрлі жұмсақ және күштік компоненттерді қамтиды.

Қазақстанда экстремизмнің үш түрі сипатталады.

Саяси экстремизм  Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзу, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру, билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру, заңсыз әскерилендірілген құралым құру, оған басшылық ету және қатысу, қарулы бүлік ұйымдастыру және оған қатысу, әлеуметтік, тектік-топтық алауыздықты қоздыру.

Ұлттық экстремизм – Нәсілдік, ұлттық және рулық алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру.

Діни экстремизм  Діни өшпенділікті немесе алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыру, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез келген діни практиканы қолдану.

Осы аталған үш қатердің соңғы қазақстан қоғамында ара-тұры көрініс тауып жүр. Осы ретте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөнінде төмендегідей шараларды қолға алу мақсат етілген.

• діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.
• Қазақстан Республикасы халқының радикалдануына сыртқы факторлардың әсерін төмендету.
• діни экстремизм мен терроризм фактілерін, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолымен анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру.
• діни экстремизм мен терроризм актілеріне ден қою жүйесін жетілдіру, сондай-ақ олардың салдарын барынша азайту және (немесе) жою.

Стратегиядағы бұл пункттер діни экстремизммен байланысқан зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын қарқынды жүргізуге мүмкіндік береді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір