• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:34:01
Алматы

07 Қараша, 2024 NEWS

Бектенов Ринат Зайытовтың сауалына жауап берді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың еліміздің аумағында ЛБГТ-бірлестіктерінің қызметін шектеуге қатысты сауалына жауап берді.

Көрнекі сурет

Премьер-министрдің ресми жауабында құқық қорғау органдарының деректері бойынша елімізде “Калейдоскоп”, “Feminita” және “KazFem” деген 3 бейресми бірлестік жұмыс істейтіні жазылған. Олардың қызметі дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен, оның ішінде қоғамда ЛГБТ-қоғамдастығының өкілдеріне деген толерантты көзқарасты ілгерілетумен байланысты.

-Көрсетілген бірлестіктер биыл жергілікті атқарушы органдармен келіспей, топтық акциялар ұйымдастырған. Бұл жағдайда олардың әрекеті Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу болып сараланды. ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 2 белсенді әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген жауапта.

Өз кезегінде ЛГБТ-қозғалысын экстремистік деп тануды халықаралық құқық қорғау ұйымдары азаматтардың сенім білдіру және қоғамдық бірлестіктерге қатысу бостандығына құқықтарын бұзу ретінде қарастыруы мүмкін.

- Бірқатар елдің заңнамасы ЛГБТ-ны кәмелетке толмағандар арасында “насихаттауды” шектейтінін атап өткен жөн, алайда бұл шаралар тек бұқаралық тұрғыдан қарастырылады және мұндай қозғалыстарды экстремистік деп жіктеуге қатысы жоқ. Сонымен бірге, биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсы петицияны қарайтын жұмыс тобын құрды. Оның құрамына Парламент депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Нәтижесінде “жасөспірімдер мен балаларды сексуалдық қатынастарды насихаттаудан қорғау, сақтау туралы” талап бөлігінде петицияны ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданды, - деп жауап берді Бектенов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір