• USD 467.99

  • EUR 488.82

  • RUB 7.7

  • CNY 65.06

28 Қараша, 23:22:36
Алматы
-10°

Камала Харис АҚШ-тың тұңғыш әйел вице-президенті.  Сонымен қатар, ол АҚШ тарихындағы тұңғыш қара нәсілді және тегі азияттық вице-президент болмақ.

Камал Харис Twitter парақшасында АҚШ-тың 2020 жылғы президент сайлауы мен оның нәтижесі туралы жазды.

"Бұл сайлау Джо Байденнің президент атанып, менің вице-президент атануымнан бөлек. Одан да мәні тереңде жатыр. Бұл сайлау АҚШ-тың рухын көрсетті. Сол үшін күресуге дайын екенін дәлелдеді" деп жазды Камала Харис.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін АҚШ-тың 46-шы президенті сайланды. Джо Байден жеңіске жетті. Ол өз қызметіне 2021 жылы кіріседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір