07 Қазан, 2020 NEWS
inform.kz
Алматыда Жеңістің 75 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арнайы аллея ашылды.
200 ағаш отырғызу бастамасын ҚР Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Республикалық «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі қолға алған.
«Бұл жерге 200 үйеңкі ағашы отырғызылды. Жас шыбықтар қазір жайқалып тұр. Көп адамдар ағашқа жеке жеке жауынгердің атын беруді ұсынды. Бірақ, мен олай етпеуге шешім қабылдадым. Бізде батырлар көп, ал ағаш саны 200-ақ. Егер олардың ұрпақтары ағаштардан атасының атын таппаса ыңғайсыз болады. Бұл саябақ соғыс ардагерлерінің батырлығын дәріптеуге мүмкіндік береді», - деді генерал Алмасбек Абдрахманов.
Салтанатты шараға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери ардагерлер жиналды.
«ҰОС қатысушылары аллеясы» ҚР Тұңғыш Президенті паркінің батыс жағында орналасқан.
Айта кету керек, бұл шара биыл Жеңіс күніне жоспарланған болатын. Алайда, карантинге байланысты кейінге шегерілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір