• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:12:15
Алматы
+12°

Арменияда Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы директоры Артур Ванецян премьер-министр Никол Пашинянға қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталды. Ақпаратты Ваницянның адвокаты Лусин Саакян растаған. Бұл туралы ria.ru хабарлады. 

Ванецян Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу бөліміне шақырылып, "Қаруды заңсыз алуға, сатуға, сақтауға қатысу", "Билікті басып алуға дайындық", "Бір топ адам алдын-ала келісіп жасаған мемлекет, саяси немесе қоғам қайраткерін өлтіруге дайындық" баптары бойынша іс-әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды, – деп жазды адвокат Facebook-те.

Адвокат бұл оқиғаны саяси қудалау деп айыптап отыр.

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы оппозициялық "Родина" партиясын басқарады және премьер-министрдің отставкаға кетуін талап ететін наразылық акцияларына қатысқан. Белгілі болғандай, бүгін оның ата-анасының үйінде тінту жұмыстары жүргізілген.

Ереванда бірнеше күннен бері оппозицияның наразылық акциялары өтіп жатыр, олар Пашинянның Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге қол қоюына байланысты отставкаға кетуін талап етуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Армения Пашинян

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір