• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:45:51
+12°

Павлодарда белгісіз біреу мемлекеттік сараптама ғимаратында бомба бар екені жайлы хабарлады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 10:00-де қала полициясына "Академик Сәтпаев көшесі, 25/1 (мемлекеттік сараптама филиалы орналасқан) ғимараты кез келген минутта жарылуы мүмкін" деген хабарлама келіп түскен.

Мамандар ғимараттың аумағын тексеріп, полиция бөлімшесіне хабарласқан адамды анықтаған.

"Оқиға орнына жіберілген жедел-тергеу тобы ғимаратты қоршап алып, жеті адамды қауіпсіз жерге көшірген. Мамандар ғимарат аумағын тексергенімен,  жарылғыш зат табылмады. Алайда полиция бөлімшесіне хабарласқан адамды анықтаған. Ол Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінде есепте тұрған 41 жастағы тұрғын екен. Ғимараттағы бомба туралы хабар жалған болып шықты" делінген жазбада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бомба Павлодар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір