• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:09:25
Алматы
+35°

23 Қараша, 2020 NEWS

Таулы Қарабақта мина жарылып, әзербайжандық офицер қаза тапты

Ресейлік бітімгер күштерінің офицері ауруханаға жеткізілді

Фото: Көрнекі сурет

Таулы Қарабақта қаза тапқандарды іздеу кезінде мина жарылып, салдарынан Әзірбайжанның бір офицері мерт болып, ресейлік офицер жарақат алды, деп хабарлады Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі.

Жарылыс салдарынан Таулы Қарабақ Республикасының төтенше жағдай министрлігінің төрт өкілі жарақат алған. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 23 қарашада Тертер ауданында болған.

"Мадагиз елді мекенінің аумағында жұмыс кезінде мина жарылды. Нәтижесінде Ресей бітімгершілік күштерінің офицері жарақат алды. Әзірбайжанның бір офицері қаза тапты. Таулы Қарабақтың тағы төрт қызметкері түрлі дәрежедегі жарақат алды. Ресейлік әскери қызметші Баку қаласындағы ауруханаға жеткізілді, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ" делінген қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір